ОРАЛДА АЛҒАШ РЕТ ЭЛЕКТРОНДЫ АУКЦИОН ӨТКІЗІЛДІ
2019 жылы 06 наурыз күні сағат 11-00-де zem.kz порталында коммерциялық бағыттағы объектілер құрылысы үшін жер учаскелерін жалдау құқығын сату бойынша ағылшындық әдіспен аукцион өткізілді. Аукционға коммерциялық бағыттағы Орал қаласынан және Зачаганск, Круглоозерное кентерінен жер учаскелері ұсынылды. Аукционға барлығы 4 лот бойынша 12 өтініш келіп түсті (9 адам қатысты). Аукцион қорытындысына сәйкес 3 жер учаскесіне жалға беру құқығы ең төменгі құны 18871 теңге, ал ең жоғарғы құны 10032750 теңгеге бағаланды. 4 лот бойынша 1 өтініш түсіп, сол себептен аукцион өткізілмеді. Коммерциялық бағыттағы 3 жер учаскелерінің жалдау құқығы аукционда жалпы құны 11124839 теңгеге сатылды.