«Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-сі кондоминиум объектісіне қызмет көрсетуші мекемелердің (ПИК және басқару компаниялары) қатысуымен басқару нысаны таңдалмаған мекенжайы: Орал қаласы, 2-км көшесі № 24 үйге жиналыс өткізді. Нәтижесінде тұрғындардың көпшілік даусымен үйдің ортақ қолданыстағы орындарын күтіп-ұстау жұмыстарын жүргізуге «КazBatysService» ЖШС таңдалды.
Кондоминиум объектісін басқару және күтіп-ұстау мәселелері бойынша «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-не жолығуға болады (мекенжайы: Орал қаласы, Некрасов көшесі, 30/1,11 бөлме, тел:24-31-82).