Өңір басшысы Алтай Көлгінов пен қала әкімі Мұрат Мұқаев 2 маусым күні жексенбіде қаладағы аулаларды абаттандыру жұмыстарын аралады. Вокзальная 6 және Жукова 9 мекен жайында орналасқан үйлердің ауласында салынып жатқан балалар алаңы мен жаяу жүргіншілер жолы құрылысының барысын тексерді. Жұмыстардың аяқталуы тамыз айына жаспарлануда.

Тұрғындармен кездесу барысында өңір басшысы шаһардағы аулаларды абаттандыру жұмыстарына басымдық берілгендігін атап өтті. Биыл 25 ауланы абаттандыру жұмыстары жүріп жатса,  тағы 24 аулаға жобалық-сметалық жоба жасақталған. Құрылыс жұмысы барысында балалар және спорттық алаңдар, орындықтар мен қоқыс жәшіктері,  таза ауда спортпен шұғылдануға мүмкіндік беретін жаттығу кешендері салынуда. Облыс орталығында орналасқан 386 ауланың 326-сы абаттандырылған. Өткен жылдың өзінде 30 алаңқай пайдалануға берілгендігін айта кеткен жөн. Облыс әкімі жұмыстар бұдан әрі жалғасатын жеткізді.