Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі «Мұнай базасы» ауданындағы жол өтпесін қайта құруға байланысты, 2019 жылдың 08 қаңтарынан бастап №35 жолаушы көлігінің қозғалыс сұлбасы өзгертілетіндігін хабарлайды.
Өзгертілген қозғалыс сұлбасы бойынша №35 маршруты (Урал өзені жағалауы- 7 ш/а.) бағытында М.Маметова көшесімен Депо жол өтпесі арқылы Карбышев көшесі- Чуриков көшесі- Мұнайшылар көшесі – Есенжанов көшесімен- Омега аялдамасы арқылы Мұнайшылар көшесі - Чуриков көшесі - Карбышев көшесі - Ғ. Құрманғалиев көшесі – К. Мусин көшесі (№4 емхана) арқылы - Әбілхайыр хан көшесіне – әрі қарай бекітілген сұлба бойынша жүзеге асырылады.
Өзгертілген қозғалыс сұлбасы бойынша №35 маршруты(7 ш/ а. - Урал өзені жағалауы) бағытында Әбілхайыр хан көшесімен - К. Мусин көшесі (№4 емхана) арқылы – Ғ. Құрманғалиев көшесі – Карбышев көшесі - Чуриков көшесі - Мұнайшылар көшесіне - Есенжанов көшесі – Омега аялдамасы арқылы Мұнайшылар көшесіне – Чуриков көшесі – Карбышев көшесімен Депо жол өтпесі арқылы М. Маметова көшесіне - әрі қарай бекітілген сұлба бойынша жүзеге асырылады.