Бүгін қала әкімі Мұрат Мұқаев Орал қаласы Молдағұлова 1 мекен жайының тұрғындарын қабылдады. Тұрғындардың бас қамы баспана мәні. Аталған үй қазіргі таңда апаттылар санатында есептеледі. Қабылдау барысында тұрғындардың өтініш тілектері тыңдалып, ортақ талқыға түсті.

Айта кетейік, бүгінде Орал қаласы бойынша 41 апатты тұрғын үй бар. Қазіргі таңда 18 апатты үй сүріліп, 133 отбасы уақытша көшірілді. Сүрілген үйлердің орнына 4 көпқабатты тұрғын үй тұрғызылып, 8 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Мәселенің мән-жайына қаныққан әкім Мұрат Мұқаев аталмыш үйдің тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тиісті шараларды қолға алу туралы жауапты тұлғаларға тапсырма жүктеді.