Бүгін қала әкімі Мұрат Мұқаевтың қатысуымен еліміздің басты мерекесі - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиында қызметке кіріскен мемлекеттік әкімшілік қызметшілер елдің Конституциясы мен заңдарын сақтауға, сондай-ақ халқына адал және білікті қызмет етуге салтанатты түрде ант етті. Сондай-ақ, түрлі салаларда еліміздің игілігі мен дамуы жолында аянбай еңбек етіп жүрген, сонымен қатар өз лауазымдық міндеттерін мүлтіксіз орындап жүрген мамандар, жұмыс барысында қол жеткізген табыстары мен жоғарғы көрсеткіштері үшін облыс әкімі, облыстық мәслихат хатшысы, Орал қаласы әкімінің және сала бойынша департамент және басқармалардың алғыс хаттарымен және құрмет грамоталарымен марапатталды