Бүгін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев 80 орындық «Шаңырақ» бала-бақшасының ашылу салтанатына қатысты. 
Қазіргі таңда Орал қаласы бойынша 104 мектепке дейінгі мекеме қызмет етеді: олардың ішінде мемлекеттік – 50 балабақша, 28 – жеке балабақша, 25 – шағын орталық және 1 мектеп жанындағы балабақша. 
Бүгінгі күні қалалық білім бөліміне 748 орындық 12 жаңа балабақшаның ашылуына және 525 орындық 5 балабақшаның кеңейтілуіне өтініштер түсіп отыр.