Бүгін облыс әкімі Алтай Көлгіновтің және қала әкімі Мұрат Мұқаевтың қатысуымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні» мерекесіне орай, «Нұрлы жер» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшыларына арналған жаңа көпқабатты тұрғын үйдің ашылу салтанаты өтті.
Орал қаласында 2017 жылы «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру аясында – 10,8 млрд.теңге көлеміндегі қаражат бөлінді. Оның ішінде – 8,9 млрд.теңге 13 көппәтерлі үйдің құрылысын жүргізуге арналған.