СПОРТ АЛАҢДАРЫН ЖАҢАРТУ БАСТАЛДЫ

Орал қаласында спорт алаңдарын жаңарту жұмыстары басталды. Жөндеу жұмыстарын «Алтын ел» жеке кәсіпкерлігі жүргізуде. Ағымдағы жөндеу 1 қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс.

Соңғы он жыл ішінде қалада 50 шақты спорт алаңы салынды. Әйткенмен, олардың барлығы дерлік қайтадан жаңартуды қажет етіп отыр. Маусым айында «Орал» спорт клубы тарапынан құрылған комиссияның спорт алаңдарының жай-күйін тексеру мақсатындағы рейдтік жұмыстарының нәтижесінде осындай қорытынды шығарылды. Биыл аталмыш спорт клубының теңгеріміндегі алаңдардың 31-іне жөндеу жүргізу туралы шешім қабылданған. Оған қалалық бюджеттен 20 млн. теңге бағытталып отыр.

–  Қоршаулары сынып, баскетбол қалқандары да бүлінген.  Ұзақ уақыт қолданыста болғаннан кейін бірқатарының жасанды жабындары да ескірген. 10 алаңның жабынын ауыстыру қажет. Қаржыға байланысты биыл жетеуінің ғана төсемін жаңартуға мүмкіндігіміз бар, – дейді спорт клбуының директоры Есқабыл Жалмұрзиев.

@jaiyq_uni