Құрметті Оралдықтар! Орал қаласында «ASIA MALL» ойын-сауық орталығында «ПАНА – Б» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен 22-26 қараша аралығында «КЕРУЕН» атты жәрменке өткізілетіндігін хабарлайды.  Жәрмеңкенің мақсаты: - Отандық өнімді жарнамалау, сатуға мүмкіндік беру; - Салт – дәстүрімізді қайта жаңғыртып, ұлттық брендтердің қалыптасуы мен дамуына үлес қосу; - Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қолөнер жұмыстарын халыққа кеңінен ұсыну, көрсету, таныту. Жәрмеңкеге қош келдіңіздер!