Бүгін қала әкімі Мұрат Мұқаев қалалық қоғамдық кеңестің отырысына қатысып, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында жасалған жұмыстар жөнінде есеп берді. Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, қалалық қоғамдық кеңес төрағасы мен мүшелері, қалалық мәслихат хатшысы және депутаттар қатысты.