Жаз - суға шомылу, балық аулау және су айдындарының жағасында қарапайым отбасылық демалыстар секілді тынығу түрлерімен ерекшеленетін мезгіл. Статистика бойынша осы кезеңде су объектілерінде күтпеген оқиғалар орын алып, өкінішке орай қайғылы оқиғалардың саны артып отыр. Осы орайда балалардың қауіпсіздігі баса назарда болғаны шарт. Орал қаласының ТЖ Басқармасы қызметкерлері жазғы уақытта суда өзін ұстау ережелерін түсіндіру туралы дәрістер мен әңгімелерді мектептерде, ұйымдар мен мекемелерде ұдайы өткізуде. Патруль мен рейд кезінде су объектілерінде қауіпсіздік шаралары туралы әңгімелер жүргізіліп, жадынамалар мен буклеттер таратылуда.

- Тиым салынған жерде шомылуға;

- сүңгуге;

- шар, тақтай, матрастармен қолдануға;

- суда қауіпті ойындар ойнауға;

- шомылуға тиым салынған жерге жақын ойнауға болмайды.

Су айдындарының жағасында қараусыз қалған, кәмелеттік жасқа толмаған балаларды жиі кездестіруге болады.

Егер Сіз су айдындарының жағасында қауіпсіздік ережелерін бұзған ересектер мен балаларды көрсеңіз, дереу оларды жөнге салып, тоқтатуға тырысыңыз. Су жағасы және судағы балалардың қауіпті ойындары мен еркеліктеріне жол бермеңіз және оларды қараусыз қалдырмаңыз!