Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, бір тәуліктен астам уақыт бойы толассыз жауған қар мен ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты қаланың коммуналдық қызметтері ауа-райы қолайсыздығы салдарын жоюда. Сонымен қоса, Орал қаласының әкімдігі мен қалалық коммуналдық кәсіпорындар тәуліктік жұмыс режиміне көшті.
Қар тазалау жұмыстарына 100-ден астам түрлі теxника мен 300 жұмысшы тартылды. Жазатайым оқиғалар орын алмас үшін жолдар мен жаяужүргіншілер жолында абай болуларыңызды сұраймыз. Сонымен қатар, автокөлік иелерін қар тазалау жұмыстарына кедергі келтірмеу үшін жолдың шетінде автокөліктеріңізді қалдырмауыңызды сұраймыз. Ертең ауа-райы болжамы бойынша түнде кей жерлерде қар, тұман, көктайғақ болады. Солтүстік жел - 9-14, кейбір жерде 18 м/с. Ауа-райы температурасы күндіз және түнде - 10-15, кей жерде 18 градус аяз. Осы күндері абай болыңыздар және түсіністіктеріңізге раxмет!