Шаһарымызда «Қоршаусыз қала» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама аясында қала аумағындағы темір қоршаулар мен шарбақтар алынып тасталады. Нәтижесінде, жаяу жүргіншілердің демалу аймақтары кеңейіп, қала келбеті де шырайлана түседі. Бағдарламаны іске асырудағы басты мақсат - қалада жайлы, қауіпсіз орта қалыптастыру.