Бүгін Орал қаласы әкімдігінде "Smart City" тұжырымдамасы аясында "Serbiso" мобильді қосымшасын дамыту бойынша меморандумға қол қойылды. Меморандумға Орал қаласы әкімдігінің аппарат басшысы С.Р. Нұртазаев пен "I2NIK" компаниясының директоры Р.С. Нигметовтың арасында қол қойылды. Бұл мобильді қосымша арқылы тұрғындар қаламыздағы маңызды іс-шаралар, мектеп сабақтарының ауа-райына байланысты тоқтатылуы, жолдардың жабылуы, сонымен қатар бизнес объектілері туралы ақпарат ала алады.