Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Жастар мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Салтанат сарайының» залында қаламыздың белсенді тұрғындарын жинау мақсатында «Көктем вальсі» атты телевизиалық шоу концерті өткізілді. Кеш еркін форматта өткізіліп, қаламыздың «ВОК» асханалар желісі, жеке кәсіпкер «Ирменов» пен «Салтанат сарайы» рестораны атынан ұсынылған дастархан жайылды. Қонақтарға арнайы ұтыс ойындары ойнатылып, жеңімпаздарға кеш демеушілері атынан арнайы сыйлықтар мен сертификаттар табысталды. Көрермен назарына Жастар мәдениет үйінің әртістері мен кәсіби ұжымдары дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылды. Сонымен қатар кеште белсенді болған қатысушылар арасынан ұйымдастырушылардың және көрермендердің шешімімен «Көктем вальсінің» Королі мен Королевасы таңдалып, оларға «Золотой слон» зергерлік дүкені атынан бағалы сыйлықтар табысталды. Шара соңы би кешіне ұласты.