Құрманғалиев көш., 3, мекен-жайында орналасқан апатты үйді бұзу жұмыстары басталды. Апатты үйдің тұрғындары мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясындағы бағдарламаға қатысып, жаңадан салынған көпқабатты үйге көшірілді. Апатты үйдің орнына «Орал Полимер» ЖШС компаниясымен 5-қабатты тұрғын үй салынады. 
Мемлекет тарапынан инженерлік коммуникацияларды жүргізу және аула аумағын абаттандыру бойынша жұмыстарды жүргізу жоспарлануда