Құрметті Орал қаласының тұрғындары!

№27, №34, №36, №51 маршруттарына уақытша қызмет көрсеткен «Ақжол авто» ЖШС-нің келісімшартты бұзу жөніндегі өтініші негізінде, аталған маршруттарды «№1 жолаушылар автокөлік мекемесі» ЖШС-не уақытша қызмет көрсетуге беру туралы шешім қабылданғандығын хабарлаймыз.

Соған байланысты, №36«Меловое горки-Мичурин ауылы» маршрутың жабу және №3 «Орал өз.жағалауы-Автосалон» маршруттың қозғалыс сұлбасын өзгерту туралы шешім қабылданды.

Осыған орай, 2018 жылдың 1 наурызынан бастап №3 маршруттың қозғалыс сұлбасы «ТЖ Вокзалымен» жүру арқылы «Меловое горки-Мичурин ауылы» бағытында өзгертіліп, маршрутта орташа сыйымдылықты 20 автобус қызмет көрсететін болады.

№3 «Коментерн - Вокзал» ГАЗельді маршруты «Коментерн - Автосалон» маршруты болып өзгеріп, маршрутқа 6 бірлік «Газель» маркалы шағын автобустар қызмет көрсететін болады.

Барлық сұрақтар бойынша Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 50-04-02 телефонына хабарласуыңызға болады.