Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков Кострома қаласының камералық театр директоры Борис Голодницкийді қабылдады.

Ресей Федерациясының Кострома қаласының камералық театры гастрольдік сапармен Орал қаласына келді.

Аталмыш сапар бауырлас қалалар арасындағы мәдени ынтымақтастықты арттыру, екіжақты қарым-қатынасты нығайту мақсатымен ұйымдастырылып отыр. Сапар аясында театр әртістері қала тарихымен танысып, мәдениет және сәулет ескерткіштерін тамашалап, жергілікті көрікті жерлерді аралады. Театр қойылымы Н.А.Островский атындағы облыстық драма театрында «Три толстяка» мюзиклімен басталды. Кейін камералық театр ұжымы қала тұрғындары назарына Гогольдің «Ревизор» комедиясын ұсынды. Қойылымға Орал қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы қатысып, театр ұжымына алғысын білдіріп, қала әкімі Абат Абайұлы Шыныбековтың атынан әртістерге арнайы ықылас гүлін табыстады.

Кострома қаласының камералық театры 1998 жылы Борис Голодицкийдің жетекшілік етуімен құрылып, белсенді қызмет атқарып келеді. Еділдегі қала тұрғындары арасында театр “Голодницк театры" атауымен танымал. Театр репертуары ХХ-ХХІ ғасырдың ортасындағы драматургияға негізделген.

Бүгінде театр ұжымы көптеген гастрольдік сапарлар ұйымдастырып, ерекше шығармашылығымен халық сүйіспеншілігіне бөленіп келеді.

Ұжым қала тұрғындары назарына 21-25 қараша аралығында Н.А.Островский атындағы облыстық драма театрында «Как Кощей бессмертный на Василисе женился» ертегісі, «Ревизор», «Зеркало Сен-Жермена» комедиялары, «Легенда о Тиле Уленшпигеле» мюзиклі сияқты танымал туындыларды ұсынған болатын.