Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында 2018 жылдың қазан айында, Батыс Қазақстан облысы мүгедектері ерікті қоғамы ҚБ құрылғанына 30-жыл толуына  және Астананың  20 жылдығына орай, қайрымдылық айлығы аясында ХХI облыстық шығармашылық фестивалінің мүмкіндіктері шектеулі адамдардың арасындағы қалалық деңгейде іріктеу туры өтетінін хабарлайды.

Негізгі мақсаты – мүмкіндіктері шектеулі адамдардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және өзін-өзі танытуға жәрдемдесу, қоғамға мүгедектерді етене араластырудың тиімді тәжірибесін қолдану.

Конкурс 4  номинациялар бойынша өткізіледі:

1. «Эстрадалық вокал» номинациясы

Номинацияға музыкалық шығармашылықтарымен айналысатын               16 жастан жоғары 50 жасқа дейінгі мүмкіндіктері шектеулі жандар қатысады.

2.«Көрме» номинациясы.
Номинацияға мүмкіндігі шектеулі  өз шығармашылық жұмыстарын ұсынған 16 жастан жоғары адамдар қатысады.

3. «Көркем сөз» номинациясы

Номинацияға мүмкіндіктері шектеулі көркем сөз оқитын әдеби шығармашылықпен айналысатын, өз шығармашылығымен айналысатын, сондай-ақ әдебиет классиктерін оқумен айналысатын 16 жастан жоғары адамдар қатысады.

4. «Музыкалық аспапта ойнау» номинациясы

Номинацияға өз әлеуетін вокалды-аспаптық жанрда, ән салуда іске асыратын даму 16 жастан жоғары мүмкіндіктері шектеулі адамдар қатысады.

Қатысушының конкурсқа қатысу үшін өтінім берген кездегі жасы есепке алынады. Облыстық конкурстың қалалық іріктеу турына қатысуға өтінімдер: Достық – Дружба дыңғылы 161 үй мекен-жайы бойынша қабылданады.         Каб.1 және 2. Тел. 93-35-58, 93-35-56, 93-35-97.

Конкурсқа қатысуға өтінім

 

1.

Қатысушының Т.А.Ә.

 

2.

Қатысушының заңды өкілінің Т.А.Ә.

 

3.

Қатысушының туған күні

 

4.

Мекенжайы

 

5.

Байланыс ақпараты

(телефон, факс, сайт)

 

6.

Қатысушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат (мүгедектік туралы анықтама, ПМПК қорытындысы)

 

 

7.

Байланысатын адамның Т.А.Ә.,

телефоны, e-mail

 

8.

Қатысқысы келетін номинацияның атауы

 

9.

Өтінім берген күні

 

 

Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

-            мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі;

-            жеке куәлігі;