Бүгін қала әкімі Мұрат Мұқаев "Quazar" компаниясының өкілдерімен және жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпорындардың басшыларымен кездесті. "Quazar" электроавтобусы қазақстандық және қытайлық ғалымдармен ойлап шығарылған инновациялық экологиялық жағынан таза жолаушылар көлігі. Электроқозғалтқыштың энергия көзі ретінде титанат-литий батареясының соңғы буыны қолданылады. Сондай-ақ, электроавтобустың "Ақылды автобус" деген жүйесі бар. "Ақылды автобус" дегеніміз диспечерлік орталық арқылы мониторинг жасап, қашықтан басқару.