21 тамыз күні Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков «Жайық Жарығы» ЖШС мекемесінің жұмысымен танысып қайтты. Аталған мекеме қаламызды жарықтандыру және жол белгілерін дайындаумен айналысады. Қала әкімі істен шыққан жарықшамдарды жөндеп, алдымыздағы қала күні мерекесінде шаһардың толықтай жарықтандырылуын қамтамасыз етуін тапсырды.

Кейін, шаһар басшысы «Жайық Таза Қала» ЖШС пен «Орал Таза Сервис» ЖШС коммуналдық мекемелердің жұмысымен танысты. Аталған коммуналдық мекеме қызметкерлері шаһарымыздың тазалығы мен келбетін көріктендіруге күніге күш салуда. Қаладан күніне 200-250 тонна тұрмыстық қатты қалдық шығарылады. Бұл процеске күн сайын 500-ге тарта жұмысшы мен 40-тан астам техника тартылады.