13 тамыз күні Орал қаласы әкімдігінің кіші залында Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі паспорттаудан өткен мемлекеттік мекемелердің басшыларымен бірлесіп мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел барысында мүгедектер үшін кедергісіз ортаны құру бойынша жұмыстарға қатысты бірқатар мәселелер талқыланды, қарастырылатын әкімшілік шаралар көрсетіліп, азаматтардың барлық санаттары үшін кедергісіз ортаны құру мемлекеттік мекемелердің әлеуметтік жауапкершілігі екендігі айтылып өтті.