Құрметті қала тұрғындары!
24 ақпан күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін «Жастар мәдениет үйінде» барлық санаттағы азаматтарға жұмысқа орналасуға жәрдемдесу мақсатында Халықты жұмыспен қамту орталығымен, «Нұр Отан» партиясымен және қалалық прокуратура қызметкерлерімен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтетінін хабарлаймыз. 
Бос орындар жәрмеңкесінде 415 бос орын (43 жұмыс берушілері және 1 жеке агенттігі) ұсынылатын болады. Жұмыс берушілер тарапынан электрик, темір ұстасы, қырнаушы, фрезерлеуші, жүргізуші, жұмысшы, кассир, аспаз, тәрбиеші, оқытушы, инженер, дәрігер, медбике және т.б. сияқты бос орындар ұсынылады.