Орал қаласы бойынша коммуналды мекемелердің барлық техникалары мен жұмысшылары қаламыздың әр жерінде көше-жол желісі бойынша тазалық жұмыстарын жүргізілуде. Аталған жұмыстар тәулік бойы жасалып жатыр.Қыс бойы жүйелі жүргізілген жұмыстардың арқасында су басу қаупі жойылды. Енді барлық күш қаламыздың тазалығына жұмсалуда.