Қала әкімі Мұрат Мұқаев қытайлық «Golden Dragon» автобус өндіруші компаниясының өкілдерімен және жолаушы тасымалымен айналысатын кәсіпорын басшыларымен кездесті. 
Кездесу барысында Мұрат Мұқаев қаламызда тамыз айында жолақы бағасының өсіп, жолдар жөнделіп, кәсіпорындар үшін тиімді жағдайлар жасалғанын тілге тиек етіп, ендігі кезекте «Golden Dragon» автобус өндіруші компаниясынан 60 орындық 100-ге жуық автобусын Орал қаласында жолаушы тасымалдау үшін қолданатын уақыт жеткенін мәлімдеді. 
Аталмыш компания қазіргі таңда өз өнімдерін 108 елге ұсынып отыр. Қазақстанда Астана және Алматы қалаларында жолаушы тасымалымен айналысатын кәсіпорындар «Golden Dragon» автобус өндіруші компаниясының автобустарын жолаушы тасымалы үшін пайдалануда. Айта кетерлігі, автобуста мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы пандустар орнатылған.