Бүгін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев күрделі жөндеуден өткен №8 «Сказка» бөбек-жайына барды. Күрделі жөндеу жұмыстарына жергілікті қазынадан 186 млн теңге бөлінді. Күрделі жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың маусым-желтоқсан айлары арасында жүргізілді.
Күрделі жөндеу жұмысы барысында бала-бақша аумағы абаттандырылып, жылу жүйесі, су құбыры және кәріз, электржарықығы, тоқпен жұмыс жасайтын құрал-жабдықтар, өрт сөндіру дабылы жөнделді. Сонымен қатар, технологиялық жабдықтар, жылумен жабдықтаудың сыртқы желілері, сыртқы кәріз желісі, қоршау және шағын архетиктуралық нысандар орнатылды