Қала күні мерекесіне орай, Орал қаласының имиджін көтеру мақсатында «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі, «Жасыл қала» байқауы бойынша «Үздік аула», «Үздік аумақ», «Үздік кіреберіс», «Үздік ПИК» және «Үздік маман» байқауы бойынша «Үздік электрші», «Үздік сантехник», «Үздік құрылысшы», «Үздік тігінші», «Үздік мұғалім», «Үздік медициналық қызметкер» және «Менің сүйікті Оралым» тақырыбында «Үздік фотосурет және бейнеролик» байқауларын жариялайды. «Жасыл қала» байқауының «Үздік аула» аталымына Орал қаласындағы барлық жеке үй иелері, «Таза аумақ» аталымына қаламыздағы барлық ұйымдармен мекемелер, «Үздік ПИК» аталымына пәтер иелерінің кооперативтері, «Үздік кіреберіс» аталымына Орал қаласындағы 5 қабаттан төмен емес барлық көп қабатты үйлердің тұрғындарының қатысуға мүмкіндіктері бар. «Үздік маман» байқауына «Үздік электрші», «Үздік сантехник», «Үздік құрылысшы», «Үздік тігінші», «Үздік мұғалім», «Үздік медициналық қызметкер» аталымдары бойынша қаламыздың барлық тұрғындары қатыса алады. Ол үшін байқауға қатысушының еңбек тәжірибелері және жетістіктері көрсетілген ақпараттар беріледі.

Байқауларға қатысу үшін өтініштер 2019 жылдың 23 тамызына дейін қабылданады.

Ал қала күні мерекесіне арналған «Менің сүйікті Оралым» тақырыбындағы «Үздік фотосурет және бейнеролик» байқауларына кез-келген тұрғындардың қатысу мүмкіндігі бар. Байқауға қатысу үшін байқауға арналған фотосуретті немесе бейнероликті#URALSKDAY2019 хэштегімен жазып, @uralskakimat аккаунтын белгілейді. Сондай-ақ үздік жұмыс авторлары естелік сыйлықтармен және арнайы грамоталармен марапатталатын болады. Байқау 2019 жылдың 30 тамызына дейін өткізіледі.

Барлық жарияланған байқаулардың қорытындысы қала күні мерекесіндегі салтанатты шарада анықталатын болады.

Байқауды ұйымдастырушылар: Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігі болып табылады.

Байқауға қатысты сұрақтар бойынша «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігіне хабарласуыңызға болады +77022197788 (Нұркен).