Ертең, 16 наурыз күні сағат 10.00-де Жұмыспен қамту орталығында "Ашық əкімдік" шарасы өтеді. Шарада Орал қаласының əкімі Мұрат Мұқаев жəне оның орынбасарлары, бөлім басшылары оралдықтарға Елбасы Н.Назарбаевтың "Əлеуметтік қамқорлық" жаңа әлеуметтік шараларын түсіндіретін болады. 
Мекен-жайы: Құрманғазы көшесі 173А.