8 қаңтар күні қалалық көрме залында Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Мәдени-ағарту бірлестігі МКҚК-на қарасты балалар аула клубтарының тәрбиеленушілерінің қолөнер көрмесі ашылды. Көрмеде республикалық, облыстық, қалалық байқаулардың жеңімпаздары мен жас таланттылардың жұмыстары қойылды. Қолөнер үйірмесінің жетекшілері көрермендерге шеберлік сағатын ұйымдастырды. Көрме 12 қаңтарға дейін жалғасады.