«Северный» және «Комплекс» пәтер иелері кооперативі күшімен аулаларды санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр. Соның ішінде жасыл желекті және көшеттерді суару, пандустар орналастыру, балалар алаңын тазалау, қалыпқа келтіру жұмыстары атқарылуда. Осыған орай шаһарымыздың тазалығы мен көркейе түсуі үшін басқа да ПИК қызметкерлері, тұрғын үй кешені тұрғындары және жеке меншік сектор иелерін тазалық және аббатандыру жұмыстарын жүргізуге шақырамыз.