Қала әкімдігі ғимаратындағы "Ашық әкімдік" жобасының жұмысымен Орал қаласына іссапармен келген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасының орынбасары Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы танысты. Алик Жатқамбайұлы қызмет көрсету сапасына оң баға беріп, аталған жобаның тұрғындар үшін маңызды екенін айтты. Естеріңізге сала кетейік, "Ашық әкімдік" жобасы ағымдағы жылдың маусым айынан бері жұмыс істеп келеді және жоба ашылғаннан бері 20 мың адам қызмет түрін алды. Мұнда тұрғындар үшін қала әкімдігі ғимаратындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлерін ыңғайлы және сапалы түрде алуына барлық жағдай жасалған.