2017 жылғы 26 қазанда Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, 090000, Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Есқалиев көшесі, 72 мекен-жайында орналасқан «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ атынан төмендегі жобалар бойынша жеке әріптестерді айқындау бойынша конкурс жариялайды, сонын ішінде Орал қаласы бойынша:

1. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы Зашаған кентіндегі 290 орындық балабақшаны салу және пайдалану;

2. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы Зашаған ауылы «Балауса» шағын ауданындағы 360 орынға арналған балабақшаны салу және пайдалану.

МЖӘ жобасының объекті: Орал қаласының Зашаған ауылында – 290 орындық және 360 орындық 2 балабақша.

Конкурсқа Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы» Заңының 32-бабында көрсетілген біліктілік талаптарына және жеке әріптесті таңдау жөніндегі конкурстық құжаттамаға сай келетін барлық әлеуетті жеке әріптестер жіберіледі.

Конкурсқа қатысу үшін конкурсты ұйымдастырушыға ұсынылатын қажетті құжаттар тізімдемесі және әлеуетті жеке әріптестерге қойылатын талаптар конкурстық құжаттамада көрсетілген.

Конкурстық құжаттама көшірмесінің пакетін конкурс өткізу туралы осы хабарландыру жарияланған кезден бастап, сағат 9.00-дан 13.00-ге және 14.30-ден 18.30-ге дейін Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Есқалиев көшесі 72, №209 кабинет, «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ мекен-жайында алуға болады.

Конкурстық құжаттама көшірмесінің пакеті тегін беріледі.

Жеке әріптестер конкурсқа қатысуға арналған конвертке жапсырылған конкурстық өтінімді Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Есқалиев көшесі, 72 үй, №209 кабинет «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ мекен-жайына қолма-қол тапсырады.

Біліктілік талаптарына сай жеке әріптестің әлеуеті сай екендігін растайтын құжаттарды ұсынудың ақырғы мерзімі 2017 жылдың 24 қараша, жергілікті уақыт бойынша 11.00-ге дейін.

Конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінімдерді ұсынудың ақырғы мерзімі 2017 жылдың 24 қараша, жергілікті уақыт бойынша 11.00-ге дейін.

Конкурстық өтінім салынған конверттерді ашу Қазақстан Республикасы, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Есқалиев көшесі, 72 үй, 209-кабинет мекен-жайы бойынша 2017 жылғы 24 қараша жергілікті уақыт бойынша 15.00-де жүзеге асырылады.

Анықтамалық ақпаратты «Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ 8 (7112) 260478 телефоны бойынша алуға болады.