Орал қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қаламыздағы өнімділігі аз тамақтарды тез дайындау нысандарында болып рейдтік шаралар ұйымдастырылуда. Рейд барысында аталған нысандарда санитарлық-эпидемиологиялық талаптар жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратылды. Жоғарыдағы талаптардың барысы мынадай: су жабдықтау, жеке бас гигиенасы, шикі және дайын өнімдерге ілеспе құжатының болуы, т.с.с. Айта кетейік, санитарлық талаптар мен қағидалардың дұрыс сақталмауы эпидимиологиялық ахуалдың теріс өршуіне әкеліп соғуы мүмкін.