Бүгін қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» жолдауын түсіндіру және жүзеге асыру бойынша қала активі өтті. Оған қаланың құрметті азаматтары, ҰОС және еңбек ардагерлері, қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық келісім мүшелері, мемлекеттік мекеме және кәсіпорын басшылары, үкіметтік емес сектор және жастар өкілдері, мұғалімдер қатысты. Негізгі баяндамамен қала әкімі М.МҰҚАЕВ сөз сөйледі.
Сонымен қатар, еңбек ардагері А.Кереев, «Жайық үні» газетінің директор-редакторы М.Шүйіншәлиева, депутат Л.Хайруллина, Круглоозерный ЖОББМ мұғалімі Е.Кабиев, жастармен жұмыс жөнідегі орталықтың мониторинг бөлімінің басшысы З.Ықсанова өз баяндамаларын оқып, Президент Жолдауының маңызыдылығын атап өтті.