Қайырымдылық айлығы шеңберінде мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы дәстүрлі шығармашылық фестивалінің қалалық іріктеу туры 2019 жылдың 18 қазанында өткізіледі.

Негізгі мақсаты - мүмкіндігі шектеулі адамдардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және өзін-өзі танытуға жәрдемдесу, қоғамға мүмкіндігі шектеулі жандарды етене араластырудың тиімді тәжірибесін қолдану.

Конкурс 4  номинациялар бойынша өткізіледі:

1. «Эстрадалық вокал» номинациясы.

Номинацияға музыкалық шығармашылықпен айналысатын 16 жастан асқан,  мүмкіндігі  шектеулі жандар мәдениет үйлерінің өнерпаздарымен бірлесіп өнер көрсетеді.

2. «Көрме» номинациясы.

Номинацияға өз шығармашылық жұмыстарын ұсынған 16 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі жандар қатысады.

3. «Көркем сөз» номинациясы.

Номинацияға көркем сөз оқитын әдеби шығармашылықпен және  әдебиет классиктерін оқумен айналысатын 16 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі жандар қатысады.

4. «Аспапта ойнау» номинациясы.

Номинацияға өз әлеуетін вокалды-аспаптық жанрда  іске асыратын 16 жастан асқан мүмкіндігі шектеулі жандар қатысады.

Конкурс 2019 жылдың 18 қазанында өткізіледі. Конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді 2019 жылдың 15 қазанына дейін тапсыру қажет.

Облыстық конкурстың қалалық іріктеу турына қатысуға өтінімдер: Н.Назарбаев даңғылы, 161 үй мекенжайы бойынша қабылданады. Кабинет №2.  Тел. 93-35-57, 93-35-56.

Конкурсқа қатысуға өтінім

1.

Қатысушының Т.А.Ә.

 

2.

Қатысушының заңды өкілінің Т.А.Ә.

 

3.

Қатысушының туған күні

 

4.

Мекенжайы

 

5.

Байланыс ақпараты

(телефон, факс, сайт)

 

6.

Қатысушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат (мүгедектік туралы анықтама, ПМПК қорытындысы)

 

 

7.

Байланысатын адамның Т.А.Ә.,

телефоны, e-mail

 

8.

Қатысқысы келетін номинацияның атауы

 

9.

Өтінім берген күні

 

Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

- мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі;

- жеке куәлігі.