Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 48 бабына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы N 290 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 792 бұйрығына сәйкес ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді конкурс арқылы беру талаптары мен шарттары бекітілген.

           Осыған орай: 2017 жылдың 30 қарашасында Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласындағы ауыл шаруашылық жерлерін (1-кестеге сәйкес) қайта айналымға қосу мақсатында конкурс өткізіледі.

           Конкурсқа ұсынылып отырған жер учаскелерінің сызбасы, конкурстың ережесі, конкурсқа қатысу үшін өтінімі және жер учаскесінің жалға беру шарты үлгілерін Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй мекен-жайы, 2п-кабинеті, «Орал қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ-нен тікелей алуға болады (бай.тел. 8-7112-50-08-75).

           Жер учаскесінің талаптары мен шарттары: жердің құнарын төмендетпей нысаналы мақсатына сәйкес тиімді пайдалану қажет. (жерді пайдалану талаптары мен шарттары жалға беру келісім шартында толық көрсетілген)

 

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ТАЛАПТАРЫ МЕН ШАРТТАРЫ

 

Конкурсқа қатысушы ретінде тіркелуі үшін тұлғаны куәландыратын құжат және конкурстық өтінім ұсынылады.

            1. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ конкурстық өтінімінде мынадай мәліметтер болуға тиісті:

            1) Қатысушы еркін нысанда ұсынатын бизнес-жоспары немесе жер учаскесін пайдаланудың өндірістік бағдарламасы;
          2) Кәсіпорынның штатында ауыл шаруашылығының тиісті салаларында мамандықтары бойынша біліктілігі мен жұмыс өтілі көрсетілген, кем дегенде екі маманы болуы туралы, бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылған, заңды тұлғаның мөрі басылған анықтамасының түпнұсқасы;

            3) Ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу үшін қажетті ауыл шаруашылығы машиналарының болуы туралы (бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылып, заңды тұлғаның мөрі басылған) анықтаманың түпнұсқасы және (немесе) оларды сатып алу (жалға алу, қызметтерді сатып алу және т.б.) шартының көшірмесін ұсыну;

            2. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ конкурстық өтінімінде мынадай мәліметтер болуға тиісті:

            1) Қатысушы ұсынатын бизнес-жоспар немесе ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу үшін қажетті ауылшаруашылық машиналарының іс жүзінде болуы көрсетілген ерікті нысандағы жер учаскесін пайдаланудың өндірістік бағдарламасы және (немесе) оларды сатып алу (жалға алу, қызметтерді сатып алу және т.б.) шартының (немесе ниеттер хаттамасының) көшірмесін ұсыну;

         2) Білімі туралы дипломның көшірмесі (болған жағдайда) немесе ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек қызметі және жұмыс өтілі туралы мәліметтері бар өмірбаяны.

            3. Конкурстық өтінім өшпейтін сиямен қатысушымен басылып немесе жазылып, тігілген түрде нөмірленген беттерімен ұсынылады және соңғы беті жеке тұлға үшін - қатысушының қолымен, ал заңды тұлға үшін - бірінші басшысының (сенім жүктелген тұлғаның) қолымен және мөрімен  куәландырады.

            4. Қатысушы конкурстық өтінімді конвертке салып мөрлейді, онда мына деректерді көрсетіледі:

өзінің атауы және мекен-жайы;

конкурсты ұйымдастырушының, оның мекен-жайы және 2017 жылдың 27 қарашасының 11-00 сағатқа дейін ашуға болмайды» деген сөздер жазылады.

            Конкурстық өтінімдер конкурсты ұйымдастырушыға соңғы қабылдау мерзіміне дейін қолма-қол немесе пошта арқылы табыс етіледі.

                                                                                                                                                                                                                                                                                                     1 кесте

                                                                                                  

Жер уч – ң нөмірі

Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы

Көлемі, га

Жалға беру мерзімі, жыл

Жер учаскесінің орналасқан жері (шаруашылықтың қалаға дейінгі орташа қашықтығы

1

егістік (32 балл бонитет)

89,67           

10 жыл

Орал қаласы, Круглоозерное а/о 

2

егістік (31 балл бонитет)

240           

10 жыл

Орал қаласы, Круглоозерное а/о 

3

егістік (27 балл бонитет)

852           

10 жыл

Орал қаласы, Круглоозерное а/о 

  

 

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы күні 2017 жылғы 21 қараша. Мекен жайымыз: Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1-үй мекен-жайы «Орал қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ-сі (бай.тел. 8-7112-50-08-75).

Конкурстық өтінімдерді ашу уақыты: Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1, әкімдіктің кіші залы, 2017 жылдың 27  қараша сағ 11-00.