Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті +7 771 596 50 19 нөмірлі WhatsApp желісінің іске қосылғандығын хабарлайды. Аталған нөмірге мемлекеттік қызмет және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының сақталуын бақылау саласы бойынша толғандырған сұрақтарыңызды жолдауыңызға болады.

Сонымен қатар, Департамент әр айдың соңғы сәрсенбісінде жоғарыда көрсетілген нөмір бойынша онлайн қабылдау жүргізетіндігін хабарлайды.