Бүгін қала әкімі Мұрат Мұқаев қазақстандық «Daewoo BUS Kazakhstan» автобус өндіруші компаниясының өкілімен жəне жолаушы тасымалымен айналысатын кәсіпорын басшыларымен кездесті. 
Кездесу барысында шаһар басшысы қаламыздағы жолаушы тасымалымен айналысатын кәсіпорындар үшін тиімді жағдайлар жасалғанын тілге тиек етті. Сондай-ақ, автобус сатушы компания өкілі зауытта құрастырылатын автобустар жергілікті өнім екенін жəне құрастыру барысында сапаға ерекше мəн беретінін жеткізді.
Аталмыш компания қазіргі таңда жылына 1200 автобус құрастырып, өз өнімдерін Кеден Одағы жəне ТМД елдеріне ұсынып отырғанын айтты