Бүгін «Жастар мәдениет үйінде» барлық санаттағы азаматтарға жұмысқа орналасуға жәрдемдесу мақсатында Халықты жұмыспен қамту орталығымен, «Нұр Отан» партиясымен және қалалық прокуратура қызметкерлерімен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. 
Бос орындар жәрмеңкесінде 415 бос орын ұсынылып, шараға 400-ге жуық адам қатысты.
2017 жылғы 22 ақпанға мемлекеттік қолдау шараларымен барлығы 1057 адам қамтылды, соның ішінде тұрақты жұмысқа 519 адам, жастар практикасына - 202 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 12 адам, қоғамдық жұмыстарға жыл басынан 324 адам жолданды. 


24.02.2017 12:38

Сақтап алу: