Орал қаласында жазғы демалыс лагерлері арасында дәстүрлі спартакиада өтуде. 26 маусым басталған спартакиада 26шілде аралығында спорттың 10 түрінен өтетін болады. Аталған спорттық шараға Орал қаласының 4 лагері қатысуда: Евразия, Атамекен, Дарын және Самал.

 

Жарысқа жалпы саны 500-ге жуық демалушы балалар қатысуда. Ұйымдастырылған алғашқы жарыс спорттың пионербол түрінен өтті. Екі күнгі ойынның қорытындысы бойынша бірінші орынды Атамекен лагерінің командасы, екінші орынды Евразия лагері командасы олжаласа, үшінші орынды Самал лагерінің командасы алды. Көңілді сөре жарысының қорытындысы келесідей аяқталды: 1 орын – Евразия лагері, 2 – орында Атамекен лагері болса, 3 орынды – Самал. Атамекен лагері базасында оздырылған шағын футболдан жарыс қорытындысы бойынша 1 орын - Атамекен, 2 орын - Евразия, 3 орында - Самал, 4 орынды - Дарын лагері жеңіп алды. Жарысқа қатысуға деген демалушылар қызығушылығы сайыстар өз мәресіне жететін уақытқа қарай артуда. Оқушыларды алда әлі де тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, асық ату, қалашық сынды жарыстар күтуде. Жазғы демалыс лагерлері арасында спартакиада 26 шілде күні регата жарысымен қорытындыланады.

 

Жарыста өзін мықтылар қатарынан көрсеткен жеңімпаздар «Орал» спорт клубының дипломдары, медальдары және кубоктарымен марапатталады.