Құрметті Орал қаласының тұрғындары мен қонақтары!

31 тамыз сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін «ЕЛ-ЫРЫСЫ» көтерме-бөлшек сауда базарында және ЫҚСАНОВ көшесі бойында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтетіндігін хабарлаймыз!

Жәрмеңкеде төмендегі өнімдер ұсынылады:

- «Ел-ырысы» көтерме-бөлшек сауда базарында арнайы жабдықталған салқындатқыш камераларда: (ет өнімдері);

- Ықсанов көшесі бойында: (бақша, жеміс-жидек өнімдері, бал, жұмыртқа, шұжық, консерві өнімдері, қайта өндеу өнімдері);

Барша қала тұрғындарын жәрмеңкеге қатысуға шақырамыз!