Зачаган кентінде қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған қоқыс жәшіктерін орнату жұмыстары жалғасуда. Бүгін Зачаган кентіндегі Гринько көшесі және «СМП» шағынауданына 22 қоқыс жәшіктерін орнату жұмыстары жүргізілуде. Алдағы күндері жаңа жәшіктер кентке қарасты басқа да шағынаудандарда орнатылмақ. Бүгінгі таңда, Зачаган кенті әкімдігімен 80-ге жуық жаңа қоқыс жәшіктері сатып алынған. Жалпы кент аумағында 85 арнайы қоқыс тастау алаңдары бар. Аталған алаңдарда 127 евро және 182 жай қоқыс жәшіктері орналасқан.