Табиғатты сақтаудың жаңа тәсілдерін табу және экологиялық қауіпті азайту мақсатында Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу Концепциясы қабылданды. 
Осыған орай, тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етудің негізгі көзі болып табылатын Жайық, Шаған, Деркөл өзендерінің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында бүгін облыс көлемінде «Таза жағалау» акциясын өткізілді.
Акцияға қала әкімі Мұрат Мұқаев жəне бір топ мемлекеттік қызметшілер белсене қатысып, Коминтерн ауылы маңындағы Жайық жағалауын тұрмыстық қалдықтардан, тағы басқа да қоқыстардан тазартты.


05.08.2017 19:26

Сақтап алу: