9 ақпан Орал қаласының мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері арасында "Денсаулық күні" ұйымдастырылды. Аталған спорттық іс-шараға 150-ден астам адам қатысты. Қатысушылар арасында футбол, шайбалы xоккей және шаңғы тебуден жарыс оздырылып, үздіктер медаль мен дипломдармен марапатталды.