Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық көлік қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында Н. Назарбаев даңғылы мен Еуразия даңғылында бөлінген қозғалыс жолақтарын іске қосу жоспарлануда. М. Мәметова көшесінен Ж. Молдағалиев көшесіне дейін Назарбаев даңғылында, Назарбаев даңғылынан Гагарин көшесіне дейін Еуразия даңғылында бұл үшін шеткі оң жақ жолақ бөлінеді. Бұл жаңашылдық апаттылықты азайтуға, жолаушының жолдағы уақытын қысқартуға және қоғамдық көліктің айналуын арттыруға мүмкіндік береді,сонымен қатар күзгі-қысқы кезеңде қарды жинау және шығару бойынша қалалық қызметтердің жұмыс тиімділігін арттырады. Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес, маршруттық автобустардан басқа бөлінген жолақты шұғыл қызметтік тапсырманы орындай отырып, көк және қызыл түсті жарқылдауық маягі қосылған жедел және арнайы қызметтердің көлік құралдарының жүргізушілері пайдалана алады. Сондай-ақ оған құрылыс, жөндеу немесе жинау жұмыстарын орындау кезінде қызғылт сары немесе сары түсті жарқылдау маягі қосылған көлік құралдарының жүргізушілеріне, жеке күзет ұйымдарының жедел ден қою ұтқыр топтарының, жолдағы көліктік бақылау органдарының жылжымалы бақылау-өткізу пункттерінің жүргізушілеріне рұқсат етіледі.

Қоғамдық көлікпен және ресми тіркелген таксимен жүруге Заңмен тыйым салынбаған. Жоғарыда көрсетілген көлік құралдарынан басқа, бөлінген қозғалыс жолағында аялдауға және тоқтап тұруға тыйым салынады.

Қоғамдық көлік үшін бөлінген автобус жолағында жүргені үшін жауапкершілікке тартылып, 2019 жылы 3 АЕК (7575 теңге) құрайды және ҚР ӘҚБтК 601 бабы бойынша жол белгілері немесе жол белгілері ережелерін бұзу ретінде түсіндіріледі. Кез келген таңбалардың немесе жол белгілердің бұзылуы бірінші құқықтық бұзушылықтан кейінгі жылдың ішінде қайталанған бұзушылық болып саналады және 10 АЕК – тен (25250 теңге; ҚР ӘҚБтК 601-бабының 2-тармағы) - ке дейін жазаланатын болады.

Жол қозғалысының барлық қатысушылары түсіністікпен қарап, жол қозғалысы ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз.