Бүгін "БҚО жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, қалалардың және елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидасын" басшылыққа ала отырып, Круглоозерный кенті әкімі аппараты мамандарымен кент аумағында орналасқан жеке кәсіп басшыларына кенттің эстетикалық түрін жақсарту және келушілер мен жаяу жүргіншілерге төбелерден қар немесе мұздардың құлауының алдын алу мақсатында хабарламалар таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табады