Бүгін Орал қаласының әкімдігінде коммерциялық бағыттағы нысандардың құрылысы үшін жер телімдерін жалдау құқығын сату бойынша аукцион (ағылшындық әдіспен) өткізілді. Аукционға коммерциялық бағыттағы Зачаган және Круглоозерное кентерінде орналасқан жер телімдері ұсынылды. Аукционға барлығы 5 лот бойынша 71 өтініш түсті (41 адам қатысты). Аукцион қорытындысы бойынша 5 жер теліміне жалға беру құқығы ең төменгі құны 400 мың теңгеге, ал ең жоғарғы құны 20 млн.30 мың теңгеге сатылды