2018 жылдың 19 қаңтарында достық ынтымақтастық пен xалықаралық қарым-қатынасты орнату мақсатында Ресей Федерациясының Кострома қаласы мен біздің қаламыздың арасында "Ынтымақтастық келісіміне" қол қойылды. Келісім бойынша екі қала арасында қалалық өзін-өзі басқару, мәдени қарым-қатынас салаларында тәжірибе алмасу, сонымен қатар мәдениет, білім беру, туризм, бизнес және сауда-саттық салаларында байланысты жақсарту қарастырылған. Қала әкімінің орынбасары М.С. Нұржанов бастаған Орал қаласының делегациясын Кострома қаласының басшысы Журин Юрий Валерьевич қарсы алды.