Шаһарымыздың келбетін көркейтіп, тұрғындарға таза қоршаған орта қамтамасыз ету бағытында қаламызда абаттандыру жұмыстары атқарылуда. Аталмыш шара бойынша Орал қаласы коммуналды мекеме қызметкерлерінің күшімен қала аумағын санитарлық тазалау, оның ішінде қатты тұрмыстық, қалдықтарды жинау, тірі қоршамдарды қырқу, арықтарды тазалау, көлік жолдарына су шашу, көше-жол желісі бойынша абаттандыру шаралары жүргізілуде.